Жаңалықтар

Елордалық құтқарушылар қалай жұмыс істейді

Елордалық құтқарушылар қалай жұмыс істейді
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 18.10.2023 22:50 639

Елордадағы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы құтқару қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Астанада 18 өрт сөндіру бөлімшесі жұмыс істейді. Астана әкімдігі Көктал көшесі ауданында, Үркер тұрғын алабында, Жанқожа батыр және Доспамбет жырау көшелері ауданында, №28 көше бойында, Интернациональный және Телман елді мекендерінде бес өрт сөндіру депосын салып жатыр.

Бұдан басқа, Астана қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы ЖСҚ әзірлеу, мемлекеттік сараптама жүргізу және қызметтің 7 объектісін одан әрі реконструкциялау бойынша жұмыс жүргізуде.

Елордалық ТЖД-да 205 бірлік техника бар. 2021 жылы қала әкімдігі 48 негізгі және арнайы техника сатып алды.
ТЖД техникасымен материалдық-техникалық жарақтандыру 100% құрайды. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басты еңбегі – адамдар. Біз құтқарушыларымызды мақтан тұтамыз. Адам өмірі мен мүлкін құтқара отырып, кәсіби борышын орындап, өмірін қатерге тігетін мамандарымызды мәңгі жадымызда сақтаймыз, - деп атап өтті спикер.

Қазір елорданың қауіпсіздік күзетінде екі мыңнан астам қызметкер еңбек етіп жүр.

Департамент сондай-ақ мемлекеттік өрт бақылау қызметін жүзеге асырады, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

Қызметкерлер су тасқыны, командалық-штабтық жаттығулар өткізу бойынша қауіпті учаскелердің, аймақтар мен ошақтардың мониторингін жүзеге асыруға қатысады.

Жыл сайын елордалық гарнизон бөлімшелері орта есеппен 4000-нан астам оқиға орнына шығады, 600-ден астам өртті сөндіреді, мыңдаған адамды құтқарады және эвакуациялайды.
Кезекші тәулікте 101 және 112 қызметке 1000-нан астам қоңырау түседі.

Тек 9 айдың ішінде елордалық құтқарушылар дабыл бойынша 4242 рет жолға шықты. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде кезекші қарауылдардың жеке құрамымен 257 адам құтқарылды, қауіпсіз аймаққа 378 адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар, биыл елордалық өрт сөндірушілер әріптестеріне Қостанай облысындағы өртке қарсы күресте, Абай облысындағы орман өртін сөндіруге және Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» резерватында көмек көрсетті.

Сондай-ақ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары апатты жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына барды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға