Жаңалықтар

Елордалық құтқарушылар өрт кезінде 4 адамды құтқарды

Елордалық құтқарушылар өрт кезінде 4 адамды құтқарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 14.02.2025 21:52 548

Астанада өрт кезінде құтқарушылар төрт адамды оқиға орнына қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін елордалық өрт сөндіру бөлімшелері Алматы ауданы Бұқтырма көшесінде жатақхананың өртенуі бойынша келіп түскен хабарлама бойынша шыққан. 

Құтқарушылар жеткен бетте бөлмелердің бірінде 15 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиhаздардың жанғаны анықталды.

Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтары арқылы 4 адамды құтқарды. Өрт шақырту түскен уақыттан бастап 21 минутта сөндірілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға