Елордалық құтқарушылар лифт ішінде қалып қойған адамдарға көмектесті

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
11.01.2025 16:44
554
Нұра ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 3 адам, оның ішінде 2 бала лифт ішінде тұрып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шақырту орнына келген құтқарушылар лифт есігін лифт кілтінің көмегімен ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:

диспетчерге хабарласыңыз;
барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
БҚО-да оқу орындары мен бизнес өзара тығыз іс-қимыл жүргізеді
Келесі жаңалық
Алматы облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр