Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілерге қызметтік жатақхана салынды

Елордалық өрт сөндірушілерге қызметтік жатақхана салынды
Фото: gov.kz 18.10.2024 07:33 128

Өрт сөндіру бөлімінің аумағында қызметкерлер үшін қызметтік жатақхана көзделген, ол да қысқа мерзімде тұрғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі қабатты ғимарат 11 бөлмеден тұрады, әрқайсысында тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Қонақ бөлмесі, ас үй және террассалар толығымен жабдықталған. Тұрғын үйде барлық тұрмыстық техника және кондиционерлер бар. 

Жоба авторының айтуынша, жайлы өмір сүру және демалу жағдайлары жасалған, жаңа қоныс иелері тек чемодандарымен көшіп келе алады. Айта кетейік, жатақханада қызметкерлердің отбасылары тұрып жатыр, олардың саны 27 адам, оның ішінде 7 бала.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға