Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
25.07.2023 20:31
864
25 шілде сағ.15:55-те Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесінде пәтер өртеніп жатқаны туралы келіп түскен хабарламаға шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
6 минуттан кейін шақыру орнына кезекші қарауыл келді. Онда 30 ш.м. аумақта үй жиһаздары, заттар жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 16.28-де оқшауланып, 16.44-те сөндірілді.
Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 1996 ж.т.пәтер иесі ер адамды құтқарды.
Өртті сөндіруге Астана қ. ТЖД жеке құрамның 22 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды