Елордалық бухгалтер казинода 400 млн теңге ұтылып қалған
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
13.02.2024 18:09
730
Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура мәліметінше, кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шетелге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.
Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған. Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді, - делінген мәліметте.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Интернет алаяқтық схемалары: Қалай қорғанамыз?
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты