Жаңалықтар

Елордалық әйел гауһар сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген

Елордалық әйел гауһар сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген
Фото: Polisia.kz 25.02.2025 17:07 114

Елордалық әйел гауһар сақинаны ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұра аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 33 жастағы әйелді ұрлық қылмысына күдікті деп құрықтады. Тергеу барысында ұсталған азаматша аспаз болып жұмыс жасауға келгені белгілі болды. Жатын бөлмесіне кіріп, қобдишада тұрған алтын бұйымдарының арасынан гауһар тасты алтын сақинаға көзі түскен. Жәбірленушіге тиесілі жалпы құны 1,5 млн теңге болатын қымбат тасты алтын сақинаны ұрлап, елордадағы ломбардтардың біріне өткізіп жіберген. Елорда тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді.

Жеке мүліктерін тексеру барысында, қалтасынан ломбардқа өткізгендігін дәлелдейтін түбіртек шыққан. Бойжеткеннің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарғақатысы бар-жоғы анықталуда. Астана қаласының полиция департаменті сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, бейтанысадамдарға сенбеуді ескертеді.

Сондай-ақ Астана қаласының тәртіп сақшылары азаматтарға көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға