Жаңалықтар

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды
27.08.2019 15:50 4160

Елордалық этномәдени бірлестіктер Жетісу саябағын тағы әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Этностар күні» жобасын бұл күні «Славян базары» фестивалінің аясында «Оберег» украин қоғамы, «Радима» беларусь мәдени орталығы, «Лад» республикалық славян қозғалысы, «Дала өлкесі казактар» АҚБ астаналық филиалы жалғастырды.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Бүгінгі мәдени байланыстың беріктігі – ұлттар арасындағы тарихи тамырластықтың айқын дәлелі. Ықылым заманнан славян ұлты халықтары бір-бірімен төскейде малы, төрде басы қосылған іргелес туыс елдер. Сондықтан олардың «Славян базарында» бас қосуы да сәйкестік болмады. Бұл фестивальдің мақсаты да мәдениеті жағынан бір-біріне жақын елдерді шығармашылық тұрғыда тоғыстыру болып табылады.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Аталмыш шараны тамашалауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері және өзге де этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жергілікті тұрғындар жиналды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы этникалық мәдениеттің жастар арасындағы халықаралық фестиваліне қатысу үшін арнайы келген Ресей Федерациясының өкілдері де «Славян базары» фестивалінің қонақтарының қатарында болды.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Фестивальдің шымылдығын «Лад» республикалық славян қозғалысының Астаналық филиалының өнерпаздары ашты. Олар орыс ұлтының ең танымал халықтық мейрамдарының бірі «Масленица» мерекесінен қойылым көрсетті. Театрландырылған көріністі өнерпаздар әнмен әрлеп, бимен көмкерді. Қазақтың «Көрісу» дәстүрімен мазмұндас «Масленица» мерекесінің тәрбиелік мәні зор. 

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Көктемнің қысты жеңуіне түрлі рәсімдер арқылы өздерінің де үлес қоса алатындығына сенген ежелгі славян халқы бұл күні бір-бірінен кешірім сұрап, дәмнен ауыз тигізген. Мерекенің түп тамыры праславян кезеңінен негіз алады. Дәстүр бойынша әр отбасында құймақ пен майшелпек мол етіп пісіріледі. Өнерпаздар қыспен қоштасудың рәсімі ретінде ортаға сабан қуыршағын алып шығып, жақсылықтан, жаңа күннен үміт етіп Гүл-көктемді ортаға шығарды.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Орыс ұлтының ежелгі дәстүрмен жалғас тапқан тұрмыстық мәдениетімен таныстырған «Лад» республикалық славян қозғалысының астаналық филиалының бағдараламасы көпшіліктің көңілінен шықты.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Сахнаға келесі болып көтерілген «Радима» беларусь мәдени орталығының өнерпаздары «Әскерге шығарып салу» тұрмыс салтын сахналады. Жаугершілік заманда аяғын ат үзеңгісінен алмай, ер жастанған беларус ұлы үшін қару асынып, әскерге аттану жат емес. Қойылым кезінде жүрегі тілім-тілім болып жылап тұрса да, қолына адал нанын алып шығып, ақ жол тілеп тұрған ана, ұлының ер азамат болғанына сүйсіне қарап бата берген әке, оның тілеуін тілеген көрші мен жекжаттың жақындығы мен жанашырлығы көрсетілді. Ер жігіттің атқа қонып, әскерге аттануы ерліктің жаңа дастанының жазылуы екендігін әнмен жеткізген «Вяселка» вокальды-хор ансамблінің өнері халықтың көңілінен шықты.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Қазақтар мен казактардың ұлттық атауындағы транскрипциялық ұқсастық көп нәрсені білдірсе керек. Екі ұлт арасындағы бір-біріне деген құрмет өткен кезеңнен сабақтасып келе жатқан достықтың дәлелі бола алады. Оның айқын мысалы қазақтың жарық жұлдызы Шоқан Уәлиханов пен казактардың біртуар ұлы Григорий Потанин арасындағы достық қарым-қатынас. «Дала өлкесі казактар» АҚБ астаналық филиалының «Раздолье» халықтық ансамблі «Гармошечка-говорушечка», «Спит вода», «Казак без коня – не казак» әндерін шырқап, «Ехали казаченьки» вокальды-хореографиялық қойылымын көрсетті.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Фестивальда сахнаға соңғы болып «Оберег» украин қоғамының өкілдері көтерілді. Н. Литошко атындағы халықтық ансамбльдің орындауында «Нехай квитуе Украина», «Мисяць на неби», «Туған жер», «Астана вальсі», «Карпаты» секілді украинның халықтық және қазақ әндері, сондай-ақ, «Көктем лебі» тақырыбында қазақ биі орындалды. Концерттік бағдарламаны қорытындылаған «Оберег» украин қоғамының би ансамблінің Достық биі жалпы фестивальдің негізгі мазмұны мен мағынасын айшықтағандай болды.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Қазақстанды әлемнің өзге елдерінен артық ететіні де оның көпұлттылық саясаты. Қазақтың табиғатына тән қасиет – көк тулы шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрген әрбір ұлт өкілдерінің мәдениетін тану, құрметтеу. Бұл мемлекеттер арасындағы ұлт достастығын нығайта түсетіндігі де анық.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Шара соңында фестивальдың барлық қатысушылары ел тұтастығының, бірлігінің символы ретінде бұған дейін «Шығыс қырлары», «Кавказ мәдениетінің күндері» фестивалінде керегесі құрылған алты қанатты киіз үйдің есігін қондырды.

Ирина Коломоец, «Раздолье» халықтық ансамблінің жетекшісі:

- Біздің халықпен бөлісетін жақсы жаңалығымыз бар, осы жылы маусым айында «Раздолье» ансамбліне халықтық атағы берілді. Мұндай іс-шаралар этнобірлестіктердің бір-бірімен байланысын нығайта түсу үшін аса қажет. Әсіресе, жастар біздің болашағымыз екенін ұмытпауымыз керек. Біздің ансамбль мүшелерінің дені орта жастағы адамдар. Қазір жексенбілік мектепте ұрпақ сабақтастығының сақталуы үшін жастарға тәлім-тәрбие беріп жатырмыз. Бүгін ұлттар мен этностар арасындағы сыйластықты, татулықты көріп өскен жастар, ертеңгі күні де осы дәстүрді жалғастыратынына сенім мол.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Валентина Кириченко, «Радима» беларусь мәдени орталығы ҚБ-нің төрағасының орынбасары:

- Нұр-Сұлтанда беларус мәдени орталығының құрылғанына биыл 5 жыл болды. Орталық жанында ансамбль жұмыс жасайды, ұлттық мәдениетті жастар да біліп өссе дейміз. Сондықтан жылдан-жылға шығармашылық құрамның қатарын жастармен толықтырып келеміз. «Славян базары» фестиваліне алғаш рет қатысып отырған жоқпыз. Бұл біз үшін үлкен мереке. Қазақстанның ұлт пен ұлысқа бөлмей, бәрімізді бір шаңырақ астына топтастырғаны біз үшін үлкен бақыт деп білеміз. Мұнда біз славяндықтар, мұсылмандар, кавказдықтар бір-бірімізбен туыс бауырдай араласып өмір сүріп келеміз.

Елордалық славян этномәдени бірлестіктері Жетісу саябағын әуезді ән мен күмбірлі күйге толтырды

Бөлісу:

Рауан Искалиев

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға