Астаналық ҚХА жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетті

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Елордалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынованың айтуынша, іс-шара жыл сайын меценаттардың, соның ішінде ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағаларының қатысуымен өтеді.
Биылғы жылы акция Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық іс-шаралар күнтізбесінің «Жылу» айлығы аясында өтіп, жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға материалдық және өзге де көмек көрсетуге бағытталған.
Іс-шара аясында 46 балаға киім-кешек, аяқ киім, мектептің құрал-жабдықтары таратылып, ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды, сондай-ақ тәттілер үлестірілді.
Ляйлим АБЕУОВА
Для копирования и публикации материалов необходимо письменное либо устное разрешение редакции или автора. Гиперссылка на портал Ассамблеи народа Казахстана обязательна. Все права защищены Законом РК «Об авторском праве и смежных правах». Для авторизации обратитесь по адресу ank_portal@assembly.kz.
