Жаңалықтар

Елордалық ҚХА «Славян базарына» шақырады

Елордалық ҚХА «Славян базарына» шақырады
26.08.2019 10:34 2093

26 тамызда сағат 17:30-де бірыңғай «Этнос күні» аясында елордалық «Жетісу» саябағында (Сарайшық 13\1) «Славян базары» фестивалі өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шараның басты мақсаты – елордада тұратын түрлі этностардың өзіндік шығармашылығы арқылы славян мәдениетін, салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын дәріптеу, қалалық этномәдени бірлестіктердің жетістіктерін жан-жақты көрсету.

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарына елордалық этномәдени бірлестіктер арасынан «Оберег» украин қоғамы, «Радима» беларусь мәдени орталығы, «Лад» Республикалық славян қозғалысының филиалы», «Дала өлкесі казактар» АҚБ филиалы» қоғамдық бірлестіктері концерттік ойын-сауық бағдарламасын әзірлеп отыр.

Фестиваль көрермендері славян мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға кеңінен мүмкіндік алады. «Масленица» дәстүрін «Радуга» орыс әндері ансамблі, ал «Әскерге шығарып салу дәстүрі» вокалды – хореографиялық қойылымын «Радима» белорус этномәдени орталығы дайындауда. Шара барысында ежелгі әрі заманауи славян әндері «Дала өлкесі казактары» мен «Оберег» украиндар қоғамдық бірлестігі шығармашылық ұжымдарының орындауында шырқалады.

Іс-шараға Ресей Федерациясынан келген қонақтар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттары, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қала тұрғындары қатысады деп күтілуде.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға