Жаңалықтар

Елордаға 118 млрд теңгеден астам инвестиция тартылмақ

Астанада 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
Елордаға 118 млрд  теңгеден астам инвестиция тартылмақ
Фото: gov.kz 29.01.2023 16:15 3080

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында ашылатын кәсіпорындар жайлы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қаланың дамуы үшін сол сияқты жеке инвестициялар да тартылуда. Биыл 30-ға жуық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Жеке инвестициялардың жалпы сомасы — 118 млрд теңгеден асады. 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Олар — өнеркәсіп, медицина, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, білім беру саласындағы 5 нысан (мектептер, балабақшалар), логистика саласындағы 4 жоба, спорт кешендері, — деп жазды Жеңіс Қасымбек. 

Бүгін Жеңіс Қасымбек Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бірге №1 Индустриялық паркте бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Олардың қатарында ModeX модульдік үй құрылысы зауыты, мамандандырылған техника құрастыру зауыты, витраждар, терезелер, медициналық жабдықтар, жиһаздар, респираторлар. Кәсіпорын өкілдерімен бірге №1 Индустриялық парк бойынша өзекті мәселелерді талқыладық.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестицияларды жұмылдыру және инвесторларды қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасаймыз», — деп жазды елорда әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға