Елордадан бір түнде екі мыңға жуық жүк көлігімен қар шығарылды
![Елордадан бір түнде екі мыңға жуық жүк көлігімен қар шығарылды Елордадан бір түнде екі мыңға жуық жүк көлігімен қар шығарылды](/storage/storage/element/2025/02/10/mainphoto/141833/1200xauto_MRX2WBL0ixkmLDtnm8qfy3dxY0iAuu1npfv5bLAP.jpg)
Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар күн сайын қаладан ондаған мың текше метр қар шығарады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 10 ақпанда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2 627 жол жұмысшысы және 1 300-ге жуық арнайы техника шықты. 10 ақпанға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 951 рейспен 26 мың текше метр қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері 448 192 ауыр жүк рейсімен қаладан 5,4 млн текше метрден астам қар шығарылды. Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады.
Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады. Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие. Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)