Елордадан 13 мың текше метрден астам қар шығарылды
Қыс мезгілінің басынан 819 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
25.12.2022 13:25
1239
Бір түнде Астанадан 13 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
23-24 желтоқсанға қараған түні елордадан 13 374 текше метр қар шығарылды. Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда елорда бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан астам жол жұмысшылары мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
23-24 желтоқсанға қараған түні қаладан полигондарға 13 мың текше метрден астам қар немесе 1 086 жүк көлігі шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап коммуналдық қызметтер қаладан 67 мыңнан астам жүк көлігін, бұл 819 мың текше метрден астам қарды шығарды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды