Жаңалықтар

Елордадағы Сейфуллин көшесінің учаскесі жабылады

Елордадағы Сейфуллин көшесінің учаскесі жабылады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 27.09.2024 18:10 64

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылынан бастап К.Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскеде С.Сейфуллин көшесінің жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 28-29 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға