Жаңалықтар

Елордада мектеп оқушылары автобуста тегін жүреді

Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациядан өткізу қажет
Елордада мектеп оқушылары автобуста тегін жүреді
Фото: elorda.info 02.08.2022 13:12 2024

Нұр-Сұлтан қаласында 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүреді. Алайда барлығының бірдей көлік картасы болуы қажет, деп хабарлайды El.kz

«Бір айдан кейін жаңа оқу жылы басталады. Кассадағы кезектерді болдырмау үшін мектеп көлік картасын алдын ала жасатып алуды сұраймыз. Өздеріңіз білетіндей, елордада қала және Нұр-Сұлтан қаласы маңында тұратын 18 жасқа дейінгі оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Ол үшін мектеп көлік картасы болуы керек және оны автобус салонында валидациядан өткізу қажет», деді «City Transportation Systems» ЖШС-дан.

Атап өтілгендей, мектеп көлік картасын екі жолмен алуға болады:

  • Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық кассадан;
  • сайт арқылы. Картаны жасатуға қажетті құжаттар:
  • - ата-ананың бірінің жеке куәлігі;
  • - баланың ЖСН бар туу туралы куәлігі немесе жеке куәлік;
  • - мектептен анықтама;
  • - 3х4 форматтағы 1 фотосурет.

Көлік картасын жоғалтқан жағдайда оны қайта жасату үшін қажетті құжаттар: баланың туу туралы куәлігі, ата-анасының бірінің (заңды өкілінің) жеке куәлігінің түпнұсқасы немесе төлқұжаты, оқушының жасы 15-тен асқан болса мектеп анықтамасы қажет.

16 жасқа толған оқушылар өз бетімен өтініш жасай алады. Қалаған жағдайда фотосуретті өзгертуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға