Жаңалықтар

Елордада көпір құрылыстары қарқынды жүріп жатыр

Тәуелсіздік даңғылында салынып жатқан көпір құрылысы 2023 жылы аяқталады
Елордада көпір құрылыстары қарқынды жүріп жатыр
Фото: gov.kz 08.07.2022 15:41 1711

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте көпір құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz

Нұр-Сұлтандағы көлік қозғалысын жеделдету және жеңілдету мақсатында Ұлы дала даңғылында екі автокөлік көпірінің құрылысы жүріп жатыр. Көпір құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланған.

«Салынып жатқан жаңа көпірлер Мәңгілік ел даңғылының, А.Байтұрсынов, Р.Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелерінің, Nova city ауданының, «Мыңжылдық» аллеясының жүктемесін ішінара азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа «Нұрлы жол» вокзалының, Телман және Промышленный елді мекендерінің, Метро гипермаркеті ауданының, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі және т.б. аумаққа оңай жетуді қамтамасыз етеді», - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылындағы салынып жатқан көпір құрылысы 2023 жылы аяқталады.

«Бұрын сот процестері болды, барлық процедуралық мәселелер шешілгеннен кейін көпір құрылысы қайта басталды. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешітінің аумағы, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылының сол жақ жағалауымен қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді қала әкімі.

Айта кетейік, биыл елордада 100-ге жуық көше салынады және жөнделеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға