Жаңалықтар

Елордада икебана өнеріне арналған шеберлік сабағы өтті

Жапон халқының мәдениеті
16.09.2016 12:50 7666

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті музейінде икебана өнеріне арналған күн басталды. Икебана өнерінің шеберлік сабағын профессор Мидори Ямада өткізді. Шараны ҚР Тұңғыш Президентінің музейі мен ҚР Жапония Елшілігі бірігіп ұйымдастырып отыр.

Елордада икебана өнеріне арналған шеберлік сабағы өтті

Мидори Ямада – Ресейдегі Икэнобо филиалының негізін қалаушы және алғашқы президенті, «Шығып келе жатқан Күн – Алтын және күміс сәуле» орденінің иегері. Сонымен қатар, ол – Омотэ Сэнкэ мектебінің шай құю рәсімінің және жапондық Суми-э кескіндемесінің шебері. Ямада ханым 25 жыл бойы Молдова, Ресей, Түркіменстан, Татарстан, Украина, Армения және Қазақстанның біраз қаласында өзінің шеберлік сағатын өткізіп келеді.  

Елордада икебана өнеріне арналған шеберлік сабағы өтті

Музейдегі шараға студенттер мен дизайн саласының мамандары қатысты. Мидори Ямада шеберлік сағатына қатысушыларға икебана өнерінің қыр-сырын түсіндіріп, гүлшоқтарын жасауды үйретті. Одан соң, қатысушылар Ямада ханымның авторлық жұмыстарының көрмесіне қатысуға мүмкіндік алды. Көрмеге қойылатын композициялары көп емес. Дегенмен, олардың әрқайсысының өзіне тән мазмұндық ерекшелігі, ішкі құпиясы бар. Көрме үш күнге созылады.

Елордада икебана өнеріне арналған шеберлік сабағы өтті

ҚР Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары Күләйша Ақтаеваның айтуынша, музей икебана өнерінің шеберлік сағатын ұйымдастыра отырып, маңызды ағартушылық, тәрбие беру жұмысымен айналысып отыр.

Елордада икебана өнеріне арналған шеберлік сабағы өтті

«Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – өзге елдердің мәдениетімен барлық халықтарға түсінікті тіл – өнер тілі арқылы танысу. Біз қандай да бір стереотиптер мен стандарттарды айналып өтіп, қатысушыларға басқа халықтардың мәдениетінің ең озық үлгілерімен танысуға мүмкіндік береміз.

Елордада икебана өнеріне арналған шеберлік сабағы өтті

Икебана – рухани тәжірибенің ерекше түрі. Ол жапон халқының өмір салтынан туған. Икебана өзінің нәзіктігі мен әсемдігі, формалары мен стильдерінің алуан пішіні арқылы әлемдегі көптеген халықтардың жүрегіне жол тапты.

Елордада икебана өнеріне арналған шеберлік сабағы өтті

Тарихқа көз жүгіртсек: алғаш рет шіркеулік мехрапты рәсімдеу жөніндегі мәліметті Жапонияға 603  жылы буддизм және Қытай мәдениетін зерттеу үшін құрлыққа барған дін қызметшісі Оно но Имоко алып келді. Қайтып келген соң ол Сётоку ханзада негізін қалаған Роккакудо Киото шіркеуінің басшысы болып сайланды. Ғибадатхана аумағында шіркеу бастығының тұрғын үйі икэнобо (тоған басындағы лашық) деген атауға ие болды. Бұл атау бірнеше ғасырдан кейін алғашқы икебана мектебіне берілген. Икебана өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отырған Роккакудо шіркеуінің қырық бес монахы Икэнобо есімін иеленді.

Елордада икебана өнеріне арналған шеберлік сабағы өтті

Икэнобо мектебі – Жапониядағы ең байырғы икебана мектебі. Қазір оны Сэн Эй Икэнобоның  45-ұрпағы Оно но Имоко басқарады. Өткен ғасырдың басында бұл мектеп алуан түрлі дәстүрлі өнерді зерттейтін институт мәртебесіне ие болды.

Елордада икебана өнеріне арналған шеберлік сабағы өтті


Роза СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген – Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға