Елордада газ толтыру бекеті өртеніп, 4 адам зардап шекті
Жедел жәрдем станциясының алдын ала ақпараты бойынша өрттен төрт адам зардап шеккен.
Елордада болған өрттен 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 25 шілде күні сағат 22-05-те 101 пультіне Қобда көшесі 6 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел түрде Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД құтқарушылары жіберілді.
Өрт сөндірушілер келгенде бір қабатты ғимарат өртеніп жатқанын, сондай-ақ екі қабатты ангардың шатыры, газ толтыру станциясында газ лаулап жанып жатқан.
– Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өрт сөндіруші учаскелер ұйымдастырылды. Жедел жәрдем станциясының алдын ала ақпараты бойынша өрттен төрт адам зардап шеккен. Өрт сөндірушілер өртті сағат 00.05 - те ауыздықтады, – делінген хабарламада.
