Жаңалықтар

Елордада 82 мигрант такси қызметімен заңсыз айналысқан

Елордада 82 мигрант такси қызметімен заңсыз айналысқан
Фото: inbusiness.kz 30.07.2022 18:53 1105

Жыл басынан бері елордада заңсыз такси қызметін көрсеткен 82 шетелдік анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Елордада таксимен жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен негізінен шетел азаматтары айналысады. «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 19 шілдеден бері елордада 32 заңсыз такси ұсталды. Жыл басынан бері тиісті тіркеусіз кәсіпкерлікпен немесе өзге қызметпен айналысқаны, іс-шараларды жүзеге асырғаны үшін 125 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 82 іс жақын шетелден келген заңсыз тасымалдаушыларға қатысты. 

Сондай-ақ патрульдеу барысында полиция қызметкерлері шетелдік азаматтар басқарған екі заңсыз таксиді ұстады. Олардың екуі де Өзбекстан Республикасының азаматтары. Заңсыз такси қызметімен айналысқан шетелдіктерге қатысты Әкімшілік кодекстің 463-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктері айып тұрағына қойылды», - деп мәлім етті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға