Жаңалықтар

Елордада жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр

Елордада жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 12.10.2023 14:20 834

NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және оларға көмек көрсету үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров айтып берді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

NEET санатындағы жастар - жұмыссыз және еш жерде оқымайды. Оларды әлеуметтендіру үшін жауапты басқарма бірқатар шараны іске асырып жатыр. Оның ішінде:

- мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық буклеттер таратылады;
- жұмыссыз жастар мен білім беру мекемелерінің түлектеріне тоқсан сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде түрлі жұмыстар ұсынылады.

Осы уақытқа дейін олар «Жастар» сарайында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да және Есіл университетінде өтті. Келесі Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 24 қазанға жоспарланған. «Freelance мүмкіндік» жобасы аясында таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер сияқты цифрлық мамандықтар оқытылады, - деді Қайрат Қамбаров.

Сондай-ақ, Астанада жастарға қызмет көрсету орталықтары мен «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері жұмыс істейді. Бұл пунктерде елорда тұрғындары жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру мәселелері бойынша тегін кеңес, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады.

Келесі жылы осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, көптеген жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп қорытындылады спикер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға