Елордалық өрт сөндірушілер жатақханадағы өртті оқшаулады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Алматы ауданының Бұқтырма көшесіндегі үш қабатты көпфункционалды ғимараттың төбесі, шатыры және үшінші қабатындағы бөлмелер жанды.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін үшінші қабатта төбе құлап, 40 адам өз бетінше далаға шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде ашық жану болып жатты. Өрт орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіруге 7 су оқпаны берілді. Сондай-ақ өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды. ТЖМ медицина және апаттар орталығының қызметкерлері тұрғындарға психологиялық және медициналық көмек көрсетті, - делінген мәліметте.
Өрт алдын ала 250 шаршы метр алаңда оқшауланды.