Жаңалықтар

Елордада жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеде 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды
Елордада жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 22.04.2023 15:22 4075

Астанада студенттер мен жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 50 жұмыс беруші 500-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде денсаулық сақтау, білім беру, құрылыс, қызмет көрсету салаларында бос жұмыс орындарын табуға болады.

«Esil University-мен бірлесіп «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Қазіргі уақытта 50 компания 500-ге жуық жұмыс орнын ұсынады. Олардың қатарында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті, банктер және басқа да мекемелер бар», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының қызметкері Олжас Хамитов.

Айта кетейік, 2022 жылы елордада жастарға арналған төрт бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оларға 160-тан астам жұмыс беруші мен 2,5 мыңға жуық жас қатысты. Оларға барлығы 1 800-ден астам бос жұмыс орны берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға