Жаңалықтар

Елордада жаңадан құрылған ауданға «Нұра» атауы берілетін болды

Республикалық ономастика комиссиясы ұсынысқа оң қорытынды берді
Елордада жаңадан құрылған ауданға «Нұра» атауы берілетін болды
Фото: toppress.kz 18.01.2023 03:11 1197

Астана қаласының жаңа құрылған ауданына «Нұра» атауы берілетін болды, деп хабарлайды El.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.  

Астана  қаласының жаңа құрылған ауданы мен көшелеріне және Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне атау беру туралы мәселе қаралды. Бүгін республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң қорытынды берілді.

Комиссияның қарауына мемлекеттік органдардан барлығы 15 ұсыныс келіп түсті. Оның ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің Сарысу аудандық мәдениет үйіне ақын Майкөт Сандыбайұлының есімін беру туралы  ұсынысы қолдау тапты.

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің ұсынысына сәйкес елордада жаңадан құрылған ауданға «Нұра» атауы, бірқатар көшелер және алаңдарға атау беру туралы ұсыныстарына оң қорытынды берілді. Олар:

  1. Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңы;
  2. Әл-Фараби даңғылы;
  3. Гейдар Алиев көшесі;
  4. Асқар Забикулин көшесі;
  5. Әскен Нәбиев көшесі;
  6. Сырбай Мәуленов көшесі;
  7. Мәншүк Мәметова көшесі;
  8. Шапық Шөкин көшесі;
  9. Санжар Асфендияров көшесі;
  10. Бердібек Соқпақбаев көшесі;
  11. Бейбарыс Сұлтан көшесі;
  12. Мағжан Жұмабаев даңғылы;
  13. Қарамерген көшесі.

Айта кетсек, комиссия ерлікпен қаза тапқан өртсөндіруші Асқар Забикулиннің есімін Астана қаласы Есіл ауданындағы Е-583 көшесіне беру туралы шешім қабылдады.

Есімі ел тарихында сақталған тұлғалардың осылай насихатталуы – міндетті құбылыс. Ономастика саласында атқаратын жұмыс көп, барлығы уақыт шеңберінде жүзеге асады деген сенімдеміз, - деді  Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға