Жаңалықтар

Елордада Қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовқа ескерткіш орнатылады

Елордада Қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовқа ескерткіш орнатылады
27.05.2019 12:04 3564

Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.


Еліміздің сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан үшін Қырғызстан ең жақын көрші екенін атап өтті. 

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан бауырлас халықтар екенін әрдайым айтады. Біз тату көршілік пен достықта өмір сүрдік, арамызда ешқашан шекаралар болған емес», - деді Б.Атамқұлов. 

5ce2dcf1bc841.jpg

Қазақстан СІМ басшысы қазақстан-қырғыз өзара іс-қимылының дамуындағы оң динамикасын атап өтті. Оған жылы әрі достық қарым-қатынастар орналған Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен тығыз және жемісті жұмыс жасалуда, ал бұл бірқатар мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі СІМ арасындағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. Біздің елдеріміз арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту, барлық жиналған мәселелерді шешу бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Тараптар 2020 жылға қарай екіжақты сауданы 1 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі мемлекет басшылары қойған міндеттерді іске асыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Осы тұрғыда Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің тиімді жұмысы атап өтілді.

Қырғызстан Президенті С. Жээнбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары беделін ерекше атап өтті. «Сіздің көшбасшыңыз Нұрсұлтан Әбішұлының даналығы бүкіл әлемге танымал, оны көптеген мемлекеттердің басшылары өте құрметтейді», - деді Қырғыз Президенті. Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты беделді саясаткер екенін атап өтті. С. Жээнбеков Қазақстан халқына жақсы президент сайлауын өткізуді тіледі.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбеков қарсы алды.

5ce2dc4610196.jpg

Келіссөздердің күн тәртібі өте мазмұнды болды және тараптарға саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Қырғызстанды аймақтағы жақсы көрші және маңызды серіктес ретінде ғана емес, бауырлас мемлекет ретінде қарастырады. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихы, діні, мәдениеті менталитеті бір Қазақстан мен Қырғызстанға Құдайдың өзі бірге болуға, бір-біріне көмектесуге және өңірдің қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етуге тапсырған болатын», - деді Б. Атамқұлов.

Біздің елдеріміз арасында қандай да бір саяси келіспеушіліктер жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен тату көршілік және сенімді қарым-қатынастарды нығайту саясатын жалғастыруға ниетті, деп қосты Қазақстан СІМ басшысы.

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Ч. Айдарбеков Қазақстан СІМ басшысының Қырғызстанға алғашқы ресми сапары екі ел арасындағы достық және одақтастық қарым-қатынастардың айғағы болып табылатынын атап өтті. «Бүгінгі таңда мемлекетаралық байланыстар барлық деңгейде де қарқынды дамып келуде. Біздің мемлекет басшылары жылына бірнеше рет кездеседі. Министрліктер мен ведомстволар көршілес мемлекеттер арасында туындайтын мәселелерді шешеді. Біз екіжақты сипаттағы мәселелерді шешудің бірлескен жолдарын іздеуге дайынбыз», - деді қырғыз министрі.

5ce2db2b8e864.jpg

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы 2019 жылы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық экономикалық одақтың мерейтойлық саммиті өтетіндігін хабарлады. Қырғыз тарапы ел Президенті Сооронбай Жээнбековтің осы саммитке қатысуын растады.

Сапар аясында Қазақстан делегациясының басшысы Шыңғыс Айтматов атындағы мұражай-үйінде болып, қырғыз жазушысы ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

5ce2db2b8f007.jpg

Қазақстан мен Қырғызстан көп ғасырлық тарихы бар тығыз гуманитарлық байланыстарды біріктіреді. Бұл бағытта біздің елдеріміз үлкен жұмыс атқаруда. 2018 жылы ұлы жазушының 90 жылдығы кеңінен атап өтілді. Нұр-Сұлтанда Ш. Айтматов атындағы көше ашылды, сондай-ақ оның мерейтойы құрметіне халықаралық форум өткізілген. Қазіргі уақытта Қазақстан елордасында Ш. Айтматов құрметіне ескерткіш орнату жұмыстары жүргізілуде.

mfa.gov.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға