Елордадағы мектептерде мүгедек балаларға жағдай жасалмаған
Қоларбада отыратын 140 бала мектептің 4-ші қабатында оқиды.
Бұл туралы Астана қалалық маслихат хатшысы Ерлан Ермекұлы маслихат отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz.
Оның айтуынша, Астана қаласында 30-дан астам мектепте мүгедек балалар оқиды. Дегенмен, олардың барлығына бірдей жағдай жасалмаған.
«Астана қаласындағы №83 мектеп бастапқы кезде инклюзивті балаларға деп салыну қажет болған. Бірақ, қазіргі таңда онда балалар аралас оқып жатыр. Ал, инклюзивті, қоларбада отыратын 140 бала мектептің 4-ші қабатында оқиды. Бұл балалардың жүріс-тұрысын қиындатады», - деді Ерлан Ермекұлы.
Сондай-ақ қарапайым мектептерде оқитын инклюзивті балалардың бірінші қабатта оқуын қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар ол инклюзивті балалар үшін арнайы жеке мектептер салуды қарастыру керегін айтты.
