Жаңалықтар

Елордада ұлттық мәдениет пен құндылықтарға арналған шығармашылық кеш өтеді

Елордада ұлттық мәдениет пен құндылықтарға арналған шығармашылық кеш өтеді
24.09.2019 11:18 2957

25 қыркүйекте сағат 15:00-де елордадағы Достық үйінде «Ұлы даланың киелі мұрасы – ұлттық домбыра» атты шығармашылық кеш өтеді.

Елордада ұлттық мәдениет пен құндылықтарға арналған шығармашылық кеш өтеді

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шығармашылық кештің құрметті қонағы ретінде жыраулық дәстүрді жалғастырушы, белгілі жырау Алмас Алматов пен дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали елорда этномәдени бірлестіктері өкілдері мен жастарға ұлттық мәдениет туралы кеңінен әңгімелеп береді.

Бұл кештің ерекшелігі – Достық үйінде қазақы дәстүрмен емін-еркін жағдайда сұқбаттасу жүргізіледі әрі домбырадан жыр төгіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға