Елордадағы Достық үйінде ҚХА XVIII сессиясы өтеді
27 маусымда сағат 10.00-де Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының XVIII сессиясы өтеді. Күн тәртібінде «Халық әл – ауқатының артуы - бірлік пен тұрақтылық кепілі» мәселесі қаралады.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының, қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің мүшелері мен тағы басқалар қатысады деп күтілуде.
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясында Ассамблея қызметінің бірінші жартыжылдығының қорытындысы жарияланады. Сонымен бірге Қазақстан халқы Ассамблеясы XXVIІ сессиясының стратегиясынан туындайтын келешектегі міндеттер нақтыланады.
Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА жұмысының негізгі бағыты-бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған атқарылатын істер бойынша қарар қабылдау жоспарланып отыр.