Елордада «Үздік жас отбасы» байқауының үздіктері белгілі болды

Астанада жас отбасылар арасындағы «Үздік жас отбасы» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оған қатысуға 50-ден астам отбасыдан өтінім түскен. Байқау шартына сәйкес олардың ішінен 10 отбасы іріктеліп алынды. Солардың бірі – астаналық Тырнақановтар отбасы.
«Бұл байқаудың көпке тигізер пайдасы мол. Әр отбасы қазақтың салт-дәстүрін ұстанып, балаларына көрсетіп отырғаны жөн. Сол арқылы саналы ұрпақ тәрбиелейді. Бұл отбасындағы құндылықтарды көпшілікке көрсетуді, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің сыйластығы, махаббатының беріктігін көрсететін байқау деп ойлаймын. Мақсатымыз – көпшілікке өзімізді ең өнегелі әрі үлгілі отбасы екенімізді көрсету», - деді қатысушы Нұргүл Тырнақан.
Ал әділ қазылар алқасы қатысушыларды тыңдап, әділ бағасын береді. Оның құрамында «Бәйтерек» тобының әншісі Ерлан Малаев, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Ырза Тұрсынзада, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Гүлнар Кулушева және т.б. бар.
Қазылар алқасы қатыушыларды 3 байқаудың қорытындысы бойынша анықтайды. Бірінші тапсырма – таныстыру бойынша бейнеролик көрсетіледі. «талантты отбасы» атты екінші кезеңде қатысушылар өнерін көрсетеді. Ал соңғы «Сөз тап» ойынында ер-зайыптылардың бірі сөзді қимылмен көрсетсе, екіншісі жасырынған сөзді табуы керек.
Іс-шара барысында қазылар алқасы үздіктерді анықтады. Олар:
1 орын (500 000 теңге) – Сәдуақас отбасы,
2 орын (350 000 теңге) – Садықовтар,
3 орын (250 000 теңге) – Кожахметовтер,
Сол сияқты 7 үздік отбасыға 100 000 теңгеден табысталды. Олар: Нұрымбет, Арушаевтар, Исабай, Мерземхан, Есенжолов, Құлшар, Даулетовтер отбасы.
