Жаңалықтар

Елордада үйден тыс жерде 15 кәмелетке толмаған бала анықталды

Елордада үйден тыс жерде 15 кәмелетке толмаған бала анықталды
Фото: polisia.kz 20.12.2022 20:05 875

Елордада үйден тыс жерде 15 кәмелетке толмаған бала анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Түнгі уақытта үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, сондай-ақ жасөспірімдердің панасыз, қараусыз қалуының алдын алу мақсатында тұрақты негізде жергілікті-рейдтік жұмыстар жүргізіледі.
Осындай профилактикалық іс-шаралар барысында "Есіл" ауданы ПБ ювеналды полиция қызметкерлері сағат 23:15-те ойын-сауық мекемелерін тексеру кезінде 16 жастағы кәмелетке толмаған баланы анықтады.
Жасөспірімнің бақылаусыз болуына байланысты ата-аналар жағдайды анықтау үшін түн ортасында полиция бөліміне келуге мәжбүр болды. Заңды өкілге қатысты айыппұл сала отырып, ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жасөспіріммен мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Бар иесіне қатысты 10 АЕК мөлшерінде айыппұлды көздейтін ҚР ӘҚБтК 132-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Жыл басынан бері қаланың ойын-сауық мекемелері кәмелетке толмағандардың болуы бойынша 90-ға жуық бұзушылық фактісін жасады. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 3 300-ден астам ата-анаға қатысты ескерту шығара отырып, ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Айта кету керек, заңды өкілдер баланың түнде үйден тыс жерде болуының жалғыз фактісі үшін ғана ескертуге жатады. Осындай фактілер бір жыл ішінде қайталап жіберілген жағдайда, материал ҚР ӘҚБтК 442-бабының 3-бөлігі бойынша жауапқа тарту үшін Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілуге тиіс. 11 айда полицейлер осындай 106 фактіні анықтады.
Астана қаласының Полиция департаменті кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді, сондай-ақ ата-аналарға балалардың мінез-құлқын бақылауға алу және қырағы болу қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға