Жаңалықтар

Елордада украин, поляк, кәріс жексенбілік тіл мектептері жаңа оқу жылын бастап кетті

Елордада украин, поляк, кәріс жексенбілік тіл мектептері жаңа оқу жылын бастап кетті
19.09.2019 10:36 3196

Елордалық №5 мектеп-гимназиясында поляк жексенбілік мектебінің жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова көпшілікке құттықтау сөзін арнады. Сонымен қатар іс-шара барысында балаларды Нұр-Сұлтан қаласындағы Польша Республикасы Елшілігінің консульдық бөлімінің бастығы Юстына Дудар, №5 мектеп-гимназияның директоры Алексей Труфанов және «Polacy» ҚБ төрағасы Елена Роговская құттықтады.

Елордада украин, поляк, кәріс жексенбілік тіл мектептері жаңа оқу жылын бастап кетті

Қоғамдық бірлестік төрағасының сөзінше, жексенбілік мектептің жаңа оқу жылына 90 бала тіркелген. Е. Роговская Польшадан арнайы келген жаңа ұстазды таныстырып, барша қонақтарға табыс тіледі.

Кеш поляк жексенбілік мектебінің оқушылары әзірлеген мерекелік бағдарламамен жалғасты. Шара соңында қатысушылар «Bye Polakiem 2019» халықаралық байқауының лауреаты атанған жексенбілік мектептің оқушысы Меден Гильмиярованың поляк тіліндегі бейнеролигін тамашалады.

Ал №19 орта мектепте «Рідне слово» украиндық этнолингвистикалық жексенбілік мектебі жаңа оқу жылын бастап кетті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан украиндарының радасы» одағының төрағасы Юрий Тимощенко оқушыларды айтулы оқиғамен құттықтады. Сөз соңында Ю. Тимощенко жексенбілік мектептің барлық мұғалімдеріне гүл шоқтарын сыйға тарту етті. 

Елордада украин, поляк, кәріс жексенбілік тіл мектептері жаңа оқу жылын бастап кетті

Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Гүлнәр Тайгокова және «Оберег» украин қоғамы ҚБ төрайымы Тамара Ширмер де көпшілікке жылы лебіздерін жеткізді.

Ежелгі украин дәстүрі бойынша ересектер нан-тұз және кестелі орамал арқылы оқушыларды ізгі білім алу жолына шығарып салды. Этномәдени орталықтың шығармашылық ансамблінің орындауындағы әндер мен билер мерекенің сәнін келтірді.

Өз кезегінде елордалық № 2 орта мектепте кәріс жексенбілік мектебі жаңа оқу жылын ресми түрде бастады. Ханбок ұлттық киімімен қонақтарды есік алдынан қарсы алған Нұр-Сұлтан қаласының кәрістер этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пактың барша жиналғандарды  құттықтап, жексенбілік мектептің оқушыларына қызықты әрі танымдық оқу, табыс пен түрлі жақсы жаңалықтар әкелуді тіледі.

Елордада украин, поляк, кәріс жексенбілік тіл мектептері жаңа оқу жылын бастап кетті

Одан әрі балалар ойындар мен викториналарға белсене қатысып, ұйымдастырушылар ұсынған сыйлықтарға ие болды.

Кәріс жексенбілік мектебінің ерекшелігі – бұл жерде басқа да көптеген этнос өкілдері білім алады. Жексенбілік мектепте кәріс тілін нақты және тарихи құндылықты сақтай отырып, жоғары деңгейде оқытады.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық Ассамблеясының 23 этномәдени бірлестігі жанында 12 жексенбілік тіл мектебі жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға