Жаңалықтар

Елордада тұтынушы құқығын қорғау үшін не істеу керек?

Елордада тұтынушы құқығын қорғау үшін не істеу керек?
Фото: Астана қаласы әкімдігі 11.10.2023 18:03 715

Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Жалғас Балғожин тұтынушылар тарапынан қай салаларда шағым көп түсетінін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спикер сөз басында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заң жобасының жаңа тұжырымдамасының негіздерін баяндамас бұрын, бірінші кезекте Департамент халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаттарын басшылыққа алатынын атап өтті. Заң жобасына ұсынылған түзетулер бизнестің жауапкершілігін арттыруға және халықтың тұтынушылық құқықтарын қорғауға бағытталған.

Айтуынша тұтынушылардың үлес салмағы бойынша шағымдарының ең көп саны мына салаларда байқалады:

- бөлшек сауда (1244 өтініш);
- тұрмыстық қызметтер (683 өтініш);
- электрондық сауда (590 өтініш);
«Тұтынушылар аудиториясының сапалы құрамына тоқталғым келеді.

Бізге 17-ден 30-ға дейінгі және одан жоғары жастағы жастар жиі жүгіне бастады. Бұл жастар аудиториясының азаматтық жетілуін көрсетеді. Айта кету керек, берілген өтініштер де өтініш берушілердің жоғары интеллектуалдылығымен ерекшеленеді.

Сонымен бірге, барлық азаматтар өздерінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдар мен тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне жүгінбейтінін атап өткен жөн», - деді Жалғас Балғожин.

Өз сөзінде алдымен тұтынушылардың шағымдарын қараудың бюрократиялық алгоритмін қайта қарайтынын қозғап өтті. Тұтынушыға өз құқықтарын қорғау үшін Заңның 42-1-бабында төрт сатылы өту алгоритмі қарастырылған, ол міндетті түрде дәйекті болуы керек.

«Бірінші кезеңде тұтынушы тікелей кәсіпкерге (B2C) шағымдануы керек. Егер келіссөздер сәтсіз болса, кәсіпкер шағыммен келіспейді, тұтынушы екінші сатыдан өтуі керек – міндетті түрде медиаторға немесе төрешіге жүгінеді. Әдетте, дауды шешудің осы баламалы институты өтеулі негізде әрекет етеді.

Үшінші кезең – мемлекеттік органға жүгіну. Әкімшілік мемлекеттік органның Тараптар арасында туындаған дауды өзінің құқықтық сипатына байланысты шешуге өкілеттігі жоқ, өйткені жеке дауды азаматтық істерді қарау жөніндегі соттар ғана шешеді.

Аталған ереже қарапайым азаматтар үшін әуре-сарсаң тудырды, өйткені соттар тұтынушылардың талап-арыздарын қараусыз қайтарып, басынан бастап Заңның 42-1-бабына сілтеме жасай отырып, медиаторға және мемлекеттік органға жүгінуді талап етеді.

Осы түзетулерді қабылдаған кезде тұтынушы өз құқықтарын қорғау тәсілдерін еркін таңдайды және ӘҚБтК бойынша жауапқа тарту үшін сотқа немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болған кезде мемлекеттік органға тікелей талап-арыз береді», - дейді ведомство өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға