Жаңалықтар

Елордада Тоқтаров көшесіндегі учаске жабылады

Елордада Тоқтаров көшесіндегі учаске жабылады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 13.06.2023 11:42 470

Астана қаласында жөндеу жұмысына байланысты Тоқтаров көшесіндегі учаске жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тоқтаров көшесіндегі Сусамыр көшесінен Қ.Кеменгерлұлы көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі.

Осыған байланысты 14-24 маусым күндері жоғарыда аталған учаскелерде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға