Жаңалықтар

Елордада тіркелмеген азаматтар үшін 23 сайлау учаскесі ашылды

Бұл туралы қала әкімдігінен мәлім етті
Елордада тіркелмеген азаматтар үшін 23 сайлау учаскесі ашылды
Фото: El.kz 17.11.2022 14:53 783

Астанада тіркелмеген азаматтар дауыс бере алатын 23 учаскенің тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген сайлаушыларға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері көмек көрсетеді. Осылайша, әртүрлі себептермен тіркелмеген адамдар өз құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Бұл мақсатта аталған учаскелерде бір күндік тіркеу жүргізіледі. 

Ол үшін азаматтардың осы санаты сайлау учаскесіне сайлау күні келіп, сол жерде бір күнге тіркелуі тиіс.

Мұндай толықтыру Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы «Ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына енгізілген. Онда тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні, сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге мүмкіндік берілетіні айтылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға