Жаңалықтар

Елордада Тәуелсіздік күніне орай жеңіл атлетикадан біріншілік өтеді

Елордада Тәуелсіздік күніне орай жеңіл атлетикадан біріншілік өтеді
Фото: pixabay.com 09.12.2022 14:21 1508

Елордада 9-10 желтоқсан күндері «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай 2006-2007 жылы туған және 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Астана қаласының ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жылды қорытындылайтын айтулы сайыста жас спортшылар 9 қашықтық 1 эстафета бойынша бақ сынайды. Айтулы додаға Астана қаласының жеңіл атлеттері ғана емес, еліміздің Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысы және Теміртау қаласынан келген 180-ге жуық спортшы қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жарыста үздік үштіктегі спортшылар Астана қаласының құрама командасына іріктелініп, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуға жолдама ала алады.

Жарыстың алғашқы күні ұлдар мен қыздар 50 м, 400 м,  1500 м ұзындыққа секіріп, ядро лақтырып сондай-ақ эстафета жарысында бақтарын сынайтын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға