Жаңалықтар

Елордада тәртіп бұзушылар жазаланды

Елордада тәртіп бұзушылар жазаланды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 16.10.2024 07:33 298

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күрес жалғасып жатыр. Астана полицейлері кезекті вандалдарды анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, 11 қазан күні сағат 09:40-та 20 жастағы жігіт Ақан Сері көшесіндегі шлагбаумды өз бетінше көтеруге тырысып, оны зақымдаған. Вандал әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары есірткі жарнамасының QR кодтары бар 53 парақшаны қалаға жапсырған жас жігітті ұстады. Сот оны бір жылға бас бостандығынан айырды. Белгілі болғандай, сотталушы нақты не жарнамалайтынын білген. Прокурорлар мұндай әрекеттер үшін 6 жылға дейін темір торға тоғытуға болатындығын еске салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға