Жаңалықтар

Елордада танысының үйіне қонаққа барған ер адам әйелінің алтындарын үптеп кеткен

Елордада танысының үйіне қонаққа барған ер адам әйелінің алтындарын үптеп кеткен
Фото: Коллаж El.kz 25.01.2024 08:45 972

Астанада танысының үйіне қонаққа барған Ұлытау облысының тұрғыны ұрлық жасаған. 41 жастағы ер адам танысының әйелінің алтын бұйымдарын қолды еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, келтірілген шығын сомасы 200 мың теңгені құраған. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, алтын бұйымдар оның әйеліне тиесілі болған.  

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті азамат ұсталды. Ер адам ұрлық жасағанын мойындаған. Тіпті полицейлерге ұрланған бұйымдарды ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны жұмсап жібергенін де айтқан.

«Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға