Елордада тағы жеті автобус жолағы енгізіледі

Астананың жеті көшесінде Bus Lane енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
Автобус жолақтарының жалпы ұзындығы 58,6 шақырым болады. Ол көшелердің тізімінде – Мәңгілік ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей Жәнібек хандар көшесі, Ұлы Дала даңғылы, Р.Қошқарбаев даңғылы, Ш. Айтматов көшесі бар.
Компания мамандары бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартатынын атап өтті.
18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ, автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 км/сағ-тан 19 км/сағ-қа дейін арттыруға ықпал етеді. Бөлінген жолақтарды енгізу мерзімін мамыр айының соңынан бастап хабарлаймыз, - дейді компания мамандары.
Еске салайық, Bus Lane жобасы алғаш рет 2015 жылы енгізілді.
