Жаңалықтар

Елордада тағы бір қоғамдық кеңістік ашылды

Елордада тағы бір қоғамдық кеңістік ашылды
Фото: gov.kz 06.08.2023 21:31 775

«Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап «Салтанат қақпасы» монументінің жанында жаңа гүлзарды сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алаңның ашылуы 5 тамыз күні Есіл ауданының туған күніне орай өтті. Алаң аумағында жапырақты ағаштар да отырғызылды.

Алаңның жалпы ауданы 1 га құрайды және оған балалар ойын алаңы, work-out тренажерлары, орындықтар, көгалдандырылған орындар және т.б. кіреді. Сквердің құрылысы ұлттық компания мен Есіл ауданының әкімдігі арасында бұрын қол қойылған меморандум аясында жүзеге асырылды.

«Есіл ауданының 15 жылдығына орай жаңа алаң ашылды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ауданымыздың барлық тұрғынын құттықтаймын! Біз тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасай отырып, ауданның гүлденуі үшін бар күшімізді саламыз», – деп атап өтті Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биыл қала бойынша 165-тен астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылатынын атап өтті. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды. Мысалы, Амман және Абылай хан көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері ашылды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерін өзара жалғай түседі.

Орталық жағалаудың тарихи көшелері (Желтоқсан, Бейбітшілік, Бұқарбай батыр көшелері) және тағы басқа жаяу жүргіншілер жолы құрылды – Қ.Мұнайтпасов көшесінен Петров көшесіне дейінгі жұмыс аяқталды. Жаяу жүргіншілер жолының жалпы ұзындығы 3,5 км құрайды. Қаланың барлық ауданында қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға