Жаңалықтар

Елордада тағы бір елдімекенге көгілдір отын берілді

Елордада тағы бір елдімекенге көгілдір отын берілді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 25.01.2025 23:44 351

Астанада елдімекендерді жоспарлы газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Бүгін, яғни 25 қаңтарда «Family Village» тұрғын алабын табиғи газбен жабдықтау жүйесіне қосу аяқталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының күшімен тұрғын үй массивінің тарату желілеріне газ алғаш рет қосылды, онда 458 үй көгілдір отынға қол жеткізді.

Жоба аясында 8,7 км газ тарату желісі салынып, 277 газ тарату шкаф пункті орнатылды.

Табиғи газ экологиялық қауіпсіздіктен бөлек, қолжетімді және ыңғайлы отын болып саналады.

Астананы газдандыру – бұл экологиялық жағдайды жақсартатын және халықтың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоба. Біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз және тағы бір елді мекен көгілдір отынға қосылғанына қуаныштымыз, – деді қала әкімдігі газдандыру бөлімінің басшысы Рақымжан Алтынбек.

Бұған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады. Олар – Сарыарқа ауданы (Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, Агроқалашық және қаланың ескі бөлігіндегі Потанин көшесінің аумағы), Алматы ауданы (Железнодорожный, Промышленный елдімекендері, Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің оң және сол жақ бөліктері, Интернациональный, сондай-ақ Ақбидай, Қазақауыл шағын аудандары), Сарайшық ауданы (Күйгенжар және Мичурино елді мекендері), Есіл ауданы (Велла Вилладж коттедж қалашығы, Куршавель т/к, Фэмэли таун, Фэмэли парк т/к) және Нұра ауданы (Будапешт, Космик Сити тұрғын үй кешендері). Сондай-ақ, «Тұран», «Телман», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларына және Үркер, Пригородный, Family Village, Өндіріс, Кирпичный елдімекендеріне газ жеткізу желілерінің құрылысы аяқталды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA (@akimat__astana)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға