Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
24.09.2024 02:32
610
Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті.
Белгілі болғандай, турнир 1-5 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Республикалық турнир арқылы алдағы халықаралық жарыстарға, жаңа маусымға қатысатын құрам жасақталады.
Алғашқы екі әлемдік дода 26-27 қазан күндері өтеді. Канаданың Монреаль қаласы World Tour сериясындағы турнирлерді бастайды деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында 25 тонна шөп өртенді
Келесі жаңалық
Баласы үшін 100-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды