Жаңалықтар

Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді
Фото: telegram 11.05.2023 16:13 766

Астананың сол жағалауында құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй кешені отқа оранды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

11 мамырда сағат 15:01-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына аттанды. Оларға Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысында салынып жатқан ғимараттан қара түтіннің шыққаны туралы ақпарат түсті. Мамандар өрт шыққан жерге келгеннен кейін жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында битум мен сыртқы қаптама жанып жатқанын анықтады, - деп жазылған хабарламада.

Елордада салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді

El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі өртеніп жатқан тұрғын үй кешеніне барды. Бұл "Европа Сити" тұрғын үй кешені болып шықты. Құрылысы жүріп жатқан “ORDA INVEST” тұрғын үй кешені Ақмешіт көшесінің бойында, Abu Dhabi Plaza сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан.

Өрт 15:17-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға