17 қазанда сағат 11. 00-де елордалық Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы 24\9) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бірыңғай жалпы құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүйелі іске асырылуын қамтамасыз ету» тақырыбында жиын өтеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері және ғалымдар қатысады деп күтілуде.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шара елдік мүддеге қатысты ортақ құндылықтарды ұлықтау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызын жете түсіндіру, оның іске асырылуы туралы ақпаратпен бөлісуін мақсат етеді. Сонымен бірге, бұл бағыттағы алда атқарылуы тиіс жұмыстар пысықталады.
