Жаңалықтар

Елордада Роза Рымбаеваның шығармашылық кеші өтті

2 700 орынға арналған концерт залы көрерменге лық толды.
Елордада Роза Рымбаеваның шығармашылық кеші өтті
25.10.2022 22:03 2678

Бүгін Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Қазақстан концерт залында Республика күніне арнап “Сенемін мен” атты шығармашылық кешін өткізді, деп хабарлайды El.kz.

2 700 орынға арналған концерт залы көрерменге лық толды.

Халық әртісі жеке кешін қазақстандықтарды Республика күні мерекесімен құттықтаумен бастады.

Кеш барысында Айгүл Елшібаевамен бірге "Ақторғай" әнін шырғаса, 40 жыл ән қоржынында жүрген “Атамекен” әнін Жұбаныш Жексенұлы жаңаша өңдеуде орындап шықты. 

Сондай-ақ Роза Қуанышқызы репертуарындағы әйгілі “Отандастар” әнін кештің қонағы Дильназ Ахмадиевамен бірге, ал Мәди Сыздықовпен “Тұран баласы”әнін бірге шырқады. 

Қазақтың аяулы перзенті Батырхан Шүкеновпен бірге талай сахнада өнер көрсеткенін еске алған Роза Қуанышқызы ұлдары Әли Оқапов және Мәди Рымбаевпен бірге “Не любимая” және “Помоги” атты әндерді орындады.  

Концерт барысында техникалық ақауға қарамастан ұлы Әли Оқаповтың ряльдегі сүйемелдеуімен ән шырқап, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кеште  «Тыңдарманыма», «Ғажайып шексіздік», «Сенемін мен» атты жаңа әндерін де көпшілікке ұсынды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға