Жаңалықтар

Елордада құтқарушы Асқар Забикулинді еске алуға арналған хоккейден жарыс басталды

Қатысушылар Төтенше жағдайлар министрінің кубогы үшін бақ сынасады
Елордада құтқарушы Асқар Забикулинді еске алуға арналған хоккейден жарыс басталды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 14.12.2022 23:19 1336

Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында және адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулинді еске алуға арналған  құқық қорғау және күштік құрылымдар арасында  шайбалы хоккейден жарыстың ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Жарыста Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі Істер Министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күштері өзара күш сынасады.

Турнирдің мақсаты-қызметкерлердің дене дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету, моральдық-еріктік қасиеттерін дамыту, хоккейді спорт түрі ретінде дамыту және насихаттау.

Іс-шараның салтанатты ашылуында турнир қонақтары мен қатысушыларына ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларды турнирдің басталуымен құттықтап, қатысушыларға жоғары спорттық жетістіктер мен жеңістер тіледі. 

Елордада құтқарушы Асқар Забикулинді еске алуға арналған хоккейден жарыс басталды

Іс-шара барысында Юрий Ильин Асқардың жұбайына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген І дәрежелі Айбын марапатын табыстады. Сондай-ақ, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев жылы лебіздерін білдірді.

Матч басталар алдында қатысушылар  өрт сөндірушісі Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Екі күндік турнир үш кезеңнен тұрады, әрқайсысы айналмалы жүйе бойынша 15 минуттан және бірінші күн ҰҚК мен ІІМ және МКҚ мен ТЖ министрлігі  жекпе-жегінен басталды.

Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері кімнің мықты екенін анықтайды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға