Жаңалықтар

Елордада Қошқарбаев көшесі тағы жабылды

Елордада Қошқарбаев көшесі тағы жабылды
Фото: Астана қалалық әкімдігі 10.07.2024 11:25 464

Астанада Р.Қошқарбаев көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Төлебаев көшесінен Өзбекәлі Жәнібек көшесіне дейінгі учаскедегі Р. Қошқарбаев даңғылындағы жол төсеміндегі кемшіліктерді жою бойынша жұмыс жүргізеді.

Жұмыс мердігер ұйымның кепілдік міндеттемелеріне сәйкес өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Осыған байланысты 10-11 шілде күндері жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға