Жаңалықтар

Елордада ҚХА-ның XXXII сессиясы басталды

Елордада ҚХА-ның XXXII сессиясы басталды
Фото: ©El.kz/Чурсинов АРТЕМ 26.04.2023 11:01 1042

Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ассамблеясының жиыны «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпқа негізделіп отыр. Сессия жұмысына қатысуға 1000-нан астам делегат келді.
Отырыста  Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева мемлекеттің басты мақсаты тәуелсіздікті сақтау екенін атап өтті.

Еліміздегі егемендігі барлығымызға ортақ құндылық. Ал оны қастерлеп сақтау – азаматтық парыз. Бұл орайда саяси маңызды іс-шаралар ел тағдырына қатысты ой-жоспармен бөлісуге мүмкіндік беретін ақпарат алаңы,, - деді Аида Балаева.

Елордада ҚХА-ның XXXII сессиясы басталды

Оның айтуынша, біз ел арасында тек рухани бірлік пен құндылықты дәріптеу арқылы қоғамды ауызбіршілікке жетелейміз. Кез келген мемлекет бірлікте болса, онда ол одан әрі гүлдене түседі.

Өздеріңіз байқап жүргендей, президенттік реформаларды жүзеге асыру процесі өте қарқынды жүріп жатыр. Қысқа мерзім ішінде біз маңызды институционалдық өзгерістерді бастадық. Егер біз оны бүкіл қоғам болып қолдап қана қоймай, өз өңірімізді дамытсақ, онда көп ұзамай жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз», - деді Президент әкімшілігінің басшысының орынбасары.

Ал ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Альберт Рау барлығымыз Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті жиынанда бас қосқанына қуанышты екенін жеткізді.

Елордада ҚХА-ның XXXII сессиясы басталды

Бүгінгі жиынға қатысуға Ассамблея ардагерлері мен әр өңірден жиналған мүшелері, сондай-ақ жаңадан қосылып жатқан жастар келді. Бұл Ассамблеяның жұмысы алға жылжып, өзінің тарихи миссиясын дамытып келе жатқанының көрсеткіші десе де болады, - деді депутат.

Оған қоса мәжілісмен өзінің саясатын елінің жағдайын жасауға бағыттаған тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстанымыздың біз үшін маңызы зор екенін айтты.

Бұл жерде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы орасан. Біздің басты мақсатымыз - ол еліміздің тәуелсіздігін сақтап, халықты бірлікке шақыру,- дейді Рау.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы екі күнге жоспарланған. Сессия отырысы ертең, 27 сәуір күні жалғасын табатын болады. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп күтілуде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға