Жаңалықтар

Елордада полицейлер алаяқты қолға түсірді

Елордада полицейлер алаяқты қолға түсірді
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.02.2025 17:14 379

Елордада полицейлер алаяқты қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Қылмысты тоқтату" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Астана қ. ПД Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы күдікті азаматты анықтады. Елордалық сауда үйінің қызметкерлері полиция қызметкерлеріне хабарласып, жағдайды баяндаған. Күдіктінің Қызылорда облысында іздеуде жүргені анықталды. Ол жалған құжаттар жасап сауда үйлерге тауар алып беремін деген сылтаумен ақша иемденген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 1 млн 400 мың теңге.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі кезде күдікті Қызылорда облысының полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға