Жаңалықтар

Елордада өз пәтерінде құлап қалған 80 жастағы кейуана құтқарылды

Елордада өз пәтерінде құлап қалған 80 жастағы кейуана құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ / Видеодан алынған кадр 15.10.2024 20:39 107

Елордалық құтқарушылар 80 жастағы әжеге көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Сарыарқа ауданы М.Әуезов көшесі бойындағы пәтерлердің бірінде 1944 жылы туған қарт адам өз пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмаған.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып, еденде жатқан әжені жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға