Жаңалықтар

Елордада өрт қаупінің алдын алу шаралары жүргізілуде

Елордада өрт қаупінің алдын алу шаралары жүргізілуде
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 14.02.2025 20:45 549

Астананың Байқоңыр ауданында өрт қаупінің алдын алу шаралары белсенді жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, Байқоңыр ауданы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге аудан аумағындағы жеке тұрғын үйлерге профилактикалық жұмыстар жүргізген.

Шара барысында өрт қаупін болдырмау мақсатында жеке сектор үйлеріне түсіндірме қағаздары таратылды. Рейдік жедел шара барысында барлығы 120 үй қамтылды. Сондай-ақ, 5 үйге улы газды анықтайтын арнайы дабыл қондырғысы орнатылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Байқоңыр ауданындағы жеке сектор үйлеріне 157 арнайы дабыл қондырғылары орнатылды.

Сонымен қатар, кезекті аралау барысында жеке сектор тұрғындарына су тасқынының алдын алу шаралары аясында да арнайы ескерту қағаздары таратылып, түсіндірме жүргізілді.

Аталған өрт қаупінің алдын алу және су тасқынын болдырмау аясындағы жедел профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға