Жаңалықтар

Елордада мыңға жуық қырғауыл еркіндікке жіберілді

Елордада мыңға жуық қырғауыл еркіндікке жіберілді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 29.08.2023 16:40 909

Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы» 950 бас көлемінде қырғауыл дарағын еркіндікке жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осылайша биыл жоспарлы өсіру жұмысы аяқталды – еркіндікке 1800 қырғауыл дарағы жіберілді.

Қырғауылдарды өсіру бірқатар мәселені шешуге көмектеседі және республикамыздың биологиялық алуантүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, зиянкестермен биологиялық күресу арқылы орман екпелерін сақтауға ықпал етеді, соңғысының тиімділігі «жасыл белдеуде» орман зиянкестеріне қарсы 350 га пестицидтерді қолданудың азаюымен расталды (2010-2022 жылдар аралығы). Қырғауыл соңғы онжылдықтарда Астана қаласынан 700 км қашықтықта орналасқан республиканың көптеген облысында айтарлықтай төмендеді.

«Астана орманы» ЖШС орманшылары еркіндікке жіберілген қырғауылдарды тұрақты түрде қадағалау, қажет болған жағдайда қысқы уақытта қосымша қоректендіруді қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға